$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да су қоймалары тартылып, тұрғындар балықты қолмен аулап жүр

«Соңғы 5-10 жылда шортан, сазан, көксерке, жайын, ақмарқа секілді балық түрлері азайды. Олардың бара-бара құрып кетуі де мүмкін», - дейді БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы.
фото: thinkfirsttahoe.org
фото: thinkfirsttahoe.org

Батыс Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындары балықты қармақпен емес, қолмен аулап жатыр. Өйткені, Жаңақала ауданының су қоймалары суалып, батпаққа айналған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Каналдарда дым да су жоқ, бәрі кеуіп жатыр. Жайма, жыра... Кепкеннен кейін тұзы судың бетіне шығады. Жел сол біздің ауылға соққанда, тұзбен демалып жатырмыз. Аудан басшылары, облыстан да келеді кісілер, қарайды. Оны қарағаннан пайдасы жоқ, амалын қарастыруы керек қой, суды қалай жеткізу керек екенін», - дейді ауыл тұрғыны Руслан Оразалинов.

Салаға жауаптылар Ресейден келетін судың азайғанын мойындайды. Ал мұның табиғатқа зияны орасан. Мамандар 1994 жылы ғана табиғи тіршілік көзінің мол болғанын айтады. Содан бері өңір суға жарымаған. Осының кесірінен балық та азайыпты.

«Соңғы 5-10 жылда шортан, сазан, көксерке, жайын, ақмарқа секілді балық түрлері азайды. Олардың бара-бара құрып кетуі де мүмкін. Сондықтан балықты құтқару жұмыстарын жергілікті әкімдіктер мен халық және табиғат пайдаланушылар жүргізуі тиіс. Егер деректер расталса, балықты құтқаруға кірісеміз», - дейді БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы Қайрат Ыбыраев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары