$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысының тұрғыны ел азаматтығын 20 жылдан кейін бір-ақ алған

2000 жылы үйі өртеніп, барлық құжаттары жанып кеткен. Тек жеке құжатын ғана қалпына келтіруге мүмкіндік болды.

Ақмола облысының Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері есепте тұрған 1971 жылы туған Геннадий есімді азаматқа құжат алуға көмектесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметі бойынша, Геннадий аудандық соттың үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Есепке қою кезінде жазасын өтеушінің құжаттары жоқ және бұрын халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінбеген болып шықты. Жазасын өтеу барысында Геннадий алдымен орташа, кейін кәсіби білім алып шықты.

Ол сотталмас бұрын Қорғаныс күштерінде әскери борышын да өтепті. Кейін еліне оралып, мал өсірумен айналысқан. 2000 жылы үйі өртеніп, барлық құжаттары жанып кеткен. Тек жеке құжатын ғана қалпына келтіруге мүмкіндік болды. Артынша, өзі жалғыз қалып, ішімдікке салынған екен.

«Жас болғандықтан, құжатты ретке келтіруге жағдай болмады. Жалданып жұмыс істеп күнелттім. Қылмысқа да сол мастықпен бардым. Пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз. Құжаттарымды өздері рәсімдеп, қалпына келтіріп берді», - дейді Геннадий.

Ведомстводан атап өткендей, қазір Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Ақкөл аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері Геннадийді жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары