$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайдағы жеңіл өнеркәсіп саласында кәсіби мамандар тапшы

Бүгінде облыстағы өндіріс орындарына кәсіби-техникалық білімі бар 4 мыңнан астам адам қажет. Жұмыспен қамту орталықтарында ондай кадрлар тізімде алдыңғы қатарда тұр.

Қазір жергілікті тігін фабрикасында сұраныс молайып, тапсырыс ұлғайған. Ал жұмысшы некен-саяқ. Өндіріс орны проблеманы қысқа мерзімді оқыту курстары арқылы шешуді жөн көріпті, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Кәсіпорын жанында арнайы орталықтың ашылғанына бір ай болды. Болашақ тігінші, сәнгер және пішуші мамандар осында дайындалады.

«Жұмыс таба алмай көп қиналдым. Қазір оқып, шыңдалып жатырмын. Енді осында қалып, еңбек жолымды бастасам ба деймін», - дейді қала тұрғыны Ольга Нетецкая.

Фабрика 30 адамды қабылдауға дайын. Цехтарға тігінші, сәнгер, пішушілер қажет. Жаңа кадрлар оқу орталығында дайындалады. Оған қоса, теорияны тәжірибемен ұштастырады.

«Жастарды қабылдап, үйретіп, зейнетке келген адамдардың орнын басуға дайындап отырмыз. Егер де келген жастарымыз үйреніп, «осында қаламыз» десе, тігін цехына қабылдауға дайынбыз», - дейді тігін фабрикасы директорының орынбасары Раушан Жікенова.

Үш айлық мерзімде сұранысқа ие мамандықты тегін меңгеру мүмкіндігі бар. Жұмыссыздарды қайта даярлау курстарына Жұмыспен қамту орталықтары арқылы «Еңбек» бағдарламасымен жібереді. Аймақтағы 5 кәсіпорын оларды оқытып, жұмыс орнымен қамтуға ынталы.

«Оқу орталықтары реестріне кіретін 34 білім ұйымы бар. Былтыр 2,5 мыңға жуық тыңдаушыны сонда жібердік. Қазір 1800-і оқуын аяқтады. Биыл тағы 378 адамды оқытуды ойластырамыз», - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Сәния Иментаева.

Бүгінде облыстағы өндіріс орындарына кәсіби-техникалық білімі бар 4 мыңнан астам адам қажет. Жұмыспен қамту орталықтарында ондай кадрлар тізімде алдыңғы қатарда тұр.

«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 161 адам және қысқа мерзімді оқытуға 100 адам жіберілді. Бүгінгі күні 49 адамды оқыту аяқталды. Оларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде», - дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Эльмира Есмағанбетова.

Тұтастай алғанда, биыл кәсіби қайта даярлау курстарына 500 адам жіберіледі. Әсіресе, құрылысшы, дәнекерлеуші, инженер және кондитерлерге сұраныс жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары