Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Январцево орта мектебінің TikTok-та бейәдеп сөздер айтып, видео жариялаған мұғалімі жұмыстан кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
«Бәйтерек аудандық білім бөлімі басшысы Серік Сафиуллиннің айтуынша, TikTok-тағы видео туралы белгілі болған күні жағдайды білу үшін Январцево мектебіне барған. Келесі күні мектеп директорына ұсыныс беру үшін мектепте әдеп кеңесі өткізілуі керек еді. Алайда сол күні таңертең мұғалім мектепке келіп, өз еркімен өтініш жазды», - деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетсек, ауыл мұғалімінің TikTok желісінде бейәдеп сөздер айтып видео түсіргенін Январцево орта мектебі оқушыларының ата-аналары хабарлаған.