$ 494.87  520.65  4.91

Ит, мысығына дұрыс қарамағандар жауапқа тартылуы мүмкін

Қазір бұл ақша сенімгерлікпен басқаруды қолына алған компанияның қалтасынан шығып отыр. Оған қоса жанашыр жандардың беретін қаржысы да бар.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Ит, мысығын уақытында ектірмегендер, азығын алдына тоспай, аш қалдырғандар әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

 Хайуанға айуандық жасайтындарды жүгендеуі тиіс заң жобасы қазір жан-жақты талқылануда. Ол құжатта бұдан да басқа шектеулер аз емес. 

Қаңғыбас иттерді панажайларда ұстау, шамамен жылына 5 миллион теңгені қажет етеді екен. Қазір бұл ақша сенімгерлікпен басқаруды қолына алған компанияның қалтасынан шығып отыр. Оған қоса жанашыр жандардың беретін қаржысы да бар. Енді бұл мақсатқа Экология министрлігінің айыппұлдан өндірген қаржысының бір бөлігін де қарастырған дұрыс дейді Жануарларды қорғау қауымдастығының өкілдері. Оған қоса ауласындағы итінің күтіміне салғырт қарағандарды әкімшілік жазаға тарту керектігін де айтты белесенділер.  

"Үй жануарларының күтіміне салғырт қарағандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту керек. Ит, мысық немесе басқа үй жануарын асырап алғанда жауапкершілік те жүктеледі. Егер, дұрыс тамақтандырмаса, тиісті екпелерін жасатпаса және осы сынды міндеттерді атқармаған адам айыппұл арқаласа дейміз. Бұл тәжірибе көптеген елдерде бар", - деді Жануарларды қорғау республикалық қауымдастығының басшысы Лилия Сәрсенова.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары