Әлеумет 19.10.2020 сағат 11:20

Астанада түзету мекемесіне есірткі өткізбек болғандар ұсталды

Олар есірткіні ішімдіктің ішіне салып өткізбек болған.
Астанада түзету мекемесіне есірткі өткізбек болғандар ұсталды
фото: elorda.info
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордадағы түзету мекемесіне есірткі өткізбек болғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Дереккөз мәліметінше, қауіпсіздігі барынша төмен мекеме қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ЕЦ-166/10 мекемесіндегі сотталғандарға 6 литр ішімдік әкелмек болған күдіктілерді ұстады. 

Тексеріс барысында олардан ішімдікпен қатар 55 граммнан аса гашиш есірткісі анықталды. Бұл заттар күдіктілерден тәркіленді.

С. және К. есімді ер адамдардың айтуынша, бұл "сәлемдеме" мекемедегі сотталғандарға арналған.

Алайда елордалық департамент офицерлерінің қырағылығының арқасында ЕЦ-166/10 мекемесінің аумағына пайдалануға тыйым салынған заттардың жіберілуіне жол берілмеген. 

"Қазіргі таңда мекеме аумағына ішімдік пен есірткіні жіберуге тырысқан күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардан бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды", - дейді мекеме басшысының режимдік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Ағыбай Мухин.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар