$ 494.87  520.65  4.91

Блокбекеттегі жол апаты: алматылық экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты (ВИДЕО)

Сотталушы марқұмдардың туыстарына өтемақы төлейді.

Қарасай аудандық сотында Алматыдағы блокбекетте болған жол апатына кінәлі полицейге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Азат Азаматов кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп үкім шығарды судья Мәди Көшікбаев.

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блокбекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапқан еді. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. 

Сот отырысының алғашқы күнінде Азат Азаматов кінәсін толық мойындаған болатын. Ол жол апаты болардан бұрын сыра ішкенін, сондықтан оқиға болған кез мүлде есінде жоғын айтты. Жүргізушінің айтуынша, ол ауруханаға келгенде бірақ есін жиған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары