$ 498.51  522.84  4.81

Көңілдесінен бала тауып алған әйел күйеуінен алимент төлеуді талап етуде

Баласын әйелі өзгеден тапқанын кеш білген азамат, әкелік міндеттен бас тартып үлгермеген екен.

Финляндияда көңілдесінен бала тауып алған келіншек күйеуін сот арқылы алимент төлеуге мәжбүрледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Helsingin Sanomat басылымының мәліметіне сәйкес, 2014 жылғы некеден туған баланың екі жылдан кейін биологиялық әкесі басқа азамат екендігі анықталған.

Әйелі көзіне шөп салғанын біліп қойған ер адам ажырасуды ұйғарған. Ол өзгенің баласына алимент төлеуден бас тартқанымен, сот өзгеше шешім шығарды.

Финляндия заңына сәйкес, бала дүниеге келгеннен кейін биологиялық тұрғыдан туыстық расталмаса, екі жылдың ішінде ғана әкелік міндеттен бас тартуға болады. Баласын әйелі өзгеден тапқанын кеш білген азамат, әкелік міндеттен бас тартып үлгермеген екен.

Ол баласы өзгеден екенін сезгенімен, ДНҚ тестін жасатуға ұзақ уақыт бойы жүрегі дауаламай келгенін алға тартып, әкелік міндетті мойнына алмайтынын мәлімдейді. Десе де сот ер адамның өтінішін қанағаттандырмауды ұйғарды.

Бұрынғы әйелі болса, соттың шешімін негізге ала отырып, көңілдесінен тапқан ұлы үшін одан алимент талап еткен. Нәтижесінде ер адам ай сайын 308 еуро көлемінде алимент төлеуге мәжбүр болып отыр.

Одан бөлек, ер адам бұрынғы әйелінің сотқа кетірген шығынын да өтеуге міндеттелген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары