$ 494.87  520.65  4.91

«Аты бар, заты жоқ»: блогер Дәулет Мұқаев «Шаңырақ» бағдарламасының шикіліктерін ашық айтты

Аты бар, заты жоқ бағдарлама керек емес! Немесе бүкіл қалаға бірдей үй салыңыздар! Бағдарлама шикі! Өте асығыс қабылданған!!! Үй жоқ, бірақ бағдарлама бар", - дейді блогер.

Блогер Дәулет Мұқаев үкіметке "Шаңырақ" бағдарламасының жөнді жұмыс істемей жатқандығын жеткізді. Ол биліктен екінші сатылымдағы үйлерді сатып алуға мүмкіндік жасауды сұрады деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, елімізде 5-10-20 бағдарламасының шартына сай тұрғын үйлер жоқтың қасы. 

"Шаңырақ" бағдарламасына екінші сатылымдағы үйлерді қосуды сұраймын! Бағдарлама шартына сәйкес тек жаңа үй алуға болады. 

Мысалы, Семей, Талдықорған, Қарағанды, Қостанай, Жезқазған, Павлодарда, Петропавлда осы бағдарламамен беретін жаңа үй жоқ. Бұл мен білетін қалалар ғана... Ал кей аймақтарда үйлер таусылуға жақын. Тағы да сандалған қарапайым халық. Бұл постты жазуыма оқырмандарым жіберіп жатқан хаттар түрткі болды. Бағдарлама жұмыс істемей жатса, показуға жасаудың қажеті қанша? Сол себептен де кезек 2020 жылға дейін жылжып отыр!", - деп жазады ол Instagram парақшасында. 

Дәулет Мұқаев "Шаңырақ" тұрғын үймен қамту бағдарламасына "өте асығыс қабылданған" деген баға берді. Ол барлық өңірлерге бағдарлама талаптарына сай үй салуды ұсынды. 

"Осы бағдарламаға вторичка (қолданыстағы - ред.) үйлерді қосуды сұраймын! Үйдің салынған жылына қандай да бір шектеу қойыңыздар. Мысалға тек 1990 жылдан бері салынған үйлерді алуға болады дегендей. Кезегін жылдап күткен жандар жоқ дегенде жаңа жылға дейін өз үйлерінде қарсы алсын. Аты бар, заты жоқ бағдарлама керек емес! Немесе бүкіл қалаға бірдей үй салыңыздар! Бағдарлама шикі! Өте асығыс қабылданған!!! Үй жоқ, бірақ бағдарлама бар", - дейді Дәулет. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары