$ 444.32  473.33  4.76

Бақытбек Смағұлдың «Қызыл Жұлдыз», «Ерлігі үшін» медалін алғаны өтірік - журналист

Сенбейін десем, дейді пост авторы, "бұл мәселе мәжілісте 2012 жылы қаралып, Бақытбек Смағұл мұнан кейін "Қызыл жұлдыз" орденін тақпауға уәде берген" деп "Нұр Отан" партиясы жауап беріпті.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ауған соғысының ардагерлері мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың "Қызыл Жұлдыз" ордені мен "Ерлігі үшін" медалін алғаны өтірік екенін дәлелдепті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы журналист Асылхан Мамашұлы Facebook парақшасында жазды.

Сенбейін десем, дейді пост авторы, "бұл мәселе мәжілісте 2012 жылы қаралып, Бақытбек Смағұл мұнан кейін "Қызыл жұлдыз" орденін тақпауға уәде берген" деп Нұр Отан жауап беріпті.

Ауған соғысының ардагерлері осы қарқынмен Бақытбек Смағұлдың сүйікті елбасысы Назарбаевтың екі мәрте "Қазақстанның халық қаһарманы" атағын алғанын ескеріп, алғашқысымен қашан, қай уақта, қалай марапатталғаны жайлы нұротаннан сұраса, нұр үстіне нұр болар еді, - делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары