Әлеумет 07.11.2020 сағат 03:12

«Әдейі жыныстық қатынасқа түскен»: БҚО-да 15 жастағы бойжеткен жасырын түрде некесін қидырған

Қыз қара түсті паранжа киіп, бетін толығымен жауып, барлық отбасы мүшелерімен байланысын үзуге тырысты.
«Әдейі жыныстық қатынасқа түскен»: БҚО-да 15 жастағы бойжеткен жасырын түрде некесін қидырған
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның батысында 15 жастағы қыз тұрмысқа шықты. Неке мешіт қызметкерлері, имамдар және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің қатысуынсыз қиылған, деп хабарлайды Stan.kz.

16 қыркүйекте Бөрлі ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың жоғалуы туралы өтініш түсті. Полиция оны Оралдан тапты. Кейінірек оның сыртқы белгілері бойынша дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын азаматпен шариғат заңы бойынша заңсыз некеге отырғаны белгілі болды.

"Жасанды некенің артында жасырынған ер адам әдейі 2005 жылы туылған кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен", - делінген Бөрлі полиция бөлімінің хабарламасында.

Қыз қара түсті паранжа киіп, бетін толығымен жауып, барлық отбасы мүшелерімен байланысын үзуге тырысты. 

Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер» (бес жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру) 122-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тарту қаупі төніп тұр», - деп толықтырды департамент. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар