$ 494.87  520.65  4.91

Қордай ауданында «Имамдар үйі» ашылды

Қордай ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаевтың айтуынша, орталық демеушілер мен ауданың қарапайым тұрғындары жұмыла атсалысып, жинаған қаржыға тұрғызылған.

Жамбыл облысының Қордай ауданында «Имамдар үйі» орталығы ашылды. Жаңа орталық ашық диалог пен пікір алмасу алаңына айналады деп жоспарлануда. Мұнда кез-келген адамға қазақ тілін үйретуге негізделген дәрістер, ал діни қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының (ҚМДБ) басшысы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов, белгілі уағызшы, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев,  аудан әкімі Рүстем Дәулет қатысты.

Іс-шара барысында Наурызбай қажы Өтпенов ҚМДБ жұмысы туралы тілге тиек етіп, дін саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Ол қазіргі әлемдегі діни сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Наурызбай қажы ҚМДБ-ның ағымдағы жылғы қайырымдылық шаралары туралы айта келе, игі істердің жалғасы ретінде мүфтият атынан Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Зәуреш Қадырбековаға екі өкпені жасанды желдету аппаратын табыс етті.

«Имамдар үйі» Сортөбе ауылында орналасқан. Бұл діни біліммен қатар, басқа да білімдер алуға болатын әмбебап орталық. Айталық, мұнда мемлекеттік тілді үйрену, имамдар үшін түрлі іс-шаралар, оның ішінде біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

Тағы оқи отырыңыз: ҚМДБ-ның төл телеарнасы ашылды

«Асыл арнаны» жауып, орнына «ТәлімТВ» ашамын» - М.Тазабек

"Бұл тұрғындардың игілігі үшін қызмет ететін қасиетті үй. Біз имамдарымыздың сауатты, білімді болғанын қалаймыз. Адамдар сауатты имамға жүгінеді. Ол оларды ұйыстыра алады. Осы орталықтың ашылуына үлес қосқандар игі істері  үшін марапатталуы керек!", - деді Наурызбай қажы Өтпенов.

Татулықты нығайтып, отбасы құндылықтарын насихаттап, діни алауыздықтың алдын алу мақсатында салынған «Имамдар үйінде» оңалту, бейбітшілік пен келісім бөлмелері, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету сыныбы және дәрісхана, кітапхана, медициналық пункт, мәжіліс залы бар. Әрине асхана мен гигиеналық бөлмелер де қамтылған. Тіпті, келуші меймандарға арналған жатақхана да бар.

Алдағы уақытта аталмыш орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету жоспарлануда. Мұнда олардың түрлі кеңестер алуы үшін жағдайлар жасалған. Қордай ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаевтың айтуынша, орталық демеушілер мен ауданың қарапайым тұрғындары жұмыла атсалысып, жинаған қаржыға тұрғызылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары