Әлеумет 08.11.2020 сағат 03:05

«Біртанов емес, жүйе кінәлі»: Динара Сатжан сот үрдісі барынша ашық әрі әділ болуын талап етті

Ол бұл істе жалғыз экс-басшыны айыптау дұрыс емес екенін алға тартты.
«Біртанов емес, жүйе кінәлі»: Динара Сатжан сот үрдісі барынша ашық әрі әділ болуын талап етті
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановтың мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл істе жалғыз экс-басшыны айыптау дұрыс емес екенін алға тартты. Ақпарат өкілі орын алған жағдайға жүйе кінәлі деп есептейді.

Динара Сәтжан коронавирусқа байланысты дағдарысқа бір өзі ғана жауапты болмағанын алға тартты. Тележүргізуші Instagram парақшасында жазба жариялап, Елжан Біртановқа қатысты сот үрдісі барынша ашық әрі әділ болуын талап етті.

«Елжан біртанов маусым айында ғана күз еліміз үшін ауыр болатынын ескертті. Оған қазіргі коронавирус жағдайы дәлел болып отыр. 29 жылдың тәжірибесі бар дәрігер өз ісін жақсы біледі. Сол себепті, экс-министрді барлық бәлеге кінәлі етіп қою дұрыс емес. Біратнов емес, жүйе кінәлі. Оның миллиондарды жымқырғанын жазып жатыр. Олар әрбір адамға қатысты айтуға болады. Біз айыптаулардың мәнін түсіну үшін сот іші барынша ашық әрі әділ болуы тиіс», – деп жазды Динара Сәтжан.

Еске салсақ, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда экс-министр интеграциялық платформаны сатып алуға бөлінген 526 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланған.

Кейін қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлім етті.

Қазақстандағы танымал дәрігерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері әлеуметтік желіде Елжан Біртановты қолдау акциясын бастап кетті. Күні бүгін желіде Біртановқа қатысты онлайн петиция пайда болды.

Дереккөз: nur.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар