$ 443.85  474.3  4.8

«Сабина, Қуатқа не істедің?»: Қуат Хамитов жанармай бекетінде жұмыс істеп жүр (ВИДЕО)

Видеодан арнайы форма киген спортшының жанармай бекетіндегі көліктерге қызмет көрсетіп тұрғанын аңғаруға болады.
Фото: видеоан скриншот
Фото: видеоан скриншот

Әлеуметтік желіде отандық файтер Қуат Хамитовтің жанармай бекетінде жұмыс істеп жүрген видеосы тарап кетті.

Көптің талқысына түскен бейнежазба vestikzsport Instagram парақшасында пайда болды. Онда арнайы форма киген спортшының жанармай бекетіндегі көліктерге қызмет көрсетіп тұрғанын аңғаруға болады.

Көпшілік спортшының "жаңа жұмысын" әзілге айналдырып, түрлі пікірлер жазып қалдыруда. "Мұндай форма жарасады екен", "Той алдындағы, жекпе-жек алдындағы салмақ тастау", "Карантин не істетпейді", "Бастысы, кредит алмайды", "Боратты күтіп тұр", "Сабина, Қуатқа не істедің?", "Жарайсың" деді олар.

Ал аралас жекпе-жек шебері өз парақшасында ешқандай видео жариялаған жоқ. 

Дереккзөз: nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары