$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте өз әкесінен жүкті болып қалған оқушы қыз босанды (ВИДЕО)

Сәби қазір оқушының анасында.

Жаға ұстатарлық оқиға Шымкентте орын алған. 15 жастағы мектеп оқушысы өз әкесінен жүкті болып, босанған. Бұл туралы Stan.kz "Астана" арнасына сілтеп хабарлайды. 

Қызының жүкті болып қалғанын ел біліп қойған соң, әкесі өзіне қол салған. Іс сотқа дейін жетпеген.  Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандары айтты.

Олардың айтуынша, босанған қыздың анасы жаңа туған нәрестеге қамқорлық жасайды.

"9 сынып оқушысы осы жылдың мамыр айында сәбиін дүниеге әкелді. Бұл зорлық-зомбылық болды ма, жоқ па, біз айта алмаймыз. Мұны полицейлер анықтап жатыр. Сәби қазір оқушының анасында", - дейді Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы Ұлжалғас Саурабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары