13.11.2020, 17:20

Түскі ас ішпей, көлік сатып ал!

фото: КТК.kz
Статистика комитетінің есебі бойынша орташа айлық 209 мың теңге шамасында екен.

Статистика жасайтын мамандар екі адам жұмыс істейтін отбасы ақша жинаса, қанша уақытта машина сатып алатынын есептеді, деп хабарлайды kolesa.kz.

РБК басылымы ресейліктердің төлем қабілетіне қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасы 8 ай 21 күнде автокөлік сатып алады-мыс.

Қысқаша айтқанда, біреуінің табысы ас-ауқат, киім-кешек пен коммуналды төлем жасауға кетсе, екіншісінің айлығы толығымен сандыққа салынады.

Ал енді бұл зерттеуді Қазақстанға икемдесек, біздің елдегі жағдай да осыған ұқсайтынын аңғарамыз. Біздің елде жүрілген машинаның орташа бағасы 2 млн теңге шамасында десек, Статистика комитетінің есебі бойынша орташа айлық 209 мың теңге шамасында екен. Алайда айлық мөлшері әр өңірде әртүрлі. Мысалы, Атырау мен Маңғыстау облысында — 386.7 және 317.7 мың теңге, Нұр-Сұлтанда — 282.5 мың теңге, Алматыда — 238.7 мың, ал Шымкентте — 164.2 мың теңге. Дегенмен ресейлік мамандардың кеңесіне сүйеніп, артық шығын шығармай, ақша жинағандар жоғарыда аталған мерзімде ескілеу болса да, жүретін көлік сатып ала алады.