$ 498.34  519.72  4.85

«Алматы-Маңғышлақ» темір жол бағыты 471 шақырымға қысқарды

«Алматы-Маңғышлақ» бағытында қатынайтын пойыз 3 шілдеден бастап жаңа Шалқар-Бейнеу темір жол учаскесі арқылы жүре бастады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Бұл еліміздегі ең ұзақ жолаушылар пойызының маршрутын қашықтығын 14 пайызға немесе 471 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жолда жүретін уақыт та 9 сағатқа азайып отыр» делінген компанияның өкілдері таратқан хабарламада.

Ара қашықтық қыскараған соң билет бағасы купеге 11,46%, плацкартқа 11,32% дейін арзандаған. Бұл маршрут бұрын-соңды темір жол бармаған Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының 20 астам елді мекендерін қамтитын болады.

Пойыз жаңа Шалқар-Бейнеу темір жол учаскесі арқылы Алматыдан 3 шілдедеден, ал Маңғышлақтан 6 шілдеден бастап күн сайын жүреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары