$ 498.34  519.72  4.85

Астана миллионер қалалардың тізіміне енді

3-нен 4 маусымға қараған түні Астанадағы №1 перинаталды орталықта қаланың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дүниеге келген қыз баланың ата-анасына Астана әкімі Әсет Исекешевтің атынан пәтер кілті тапсырылды. Сәбидің әкесі - 24 жастағы монтер Олжас Мұхамедияр мен анасы - 22 жастағы балабақша тәрбиешісі Арайлым Мұхамедияр жуырда ғана отбасын құрған. Тұңғыш перзенттерін олар Саида деп атап отыр.

"Жас отбасы ата-анамен бірге тұрып келген. Баланың туылуына қарсы сыйланған пәтер олар үшін үлкен тосынсый болды" делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, соңғы 18 жылда елорда халқының саны 2 есеге дейін өскен. Ал, ана мен бала өлімі 5 есеге қысқарып отыр. Былтыр Астанада барлығы 26 110 сәби дүниеге келсе, биылғы жылдың бірінші жартысында олардың саны 13 740-қа жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары