"Не молчи" қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова тағы бір жаңа ұстатарлық оқиғамен бөлісті. Бұл жолы көпбалалы педофил әке жайынан, деп хабарлайды zakon.kz.
Дина Смайылова Facebook-те осы жылдың сәуір айында көпбалалы ана өзіне қоңырау шалып, кеңес сұрағанын айтты. Ол 4 жастағы қызын күйеуі қатты ұрып тастағанын, онда да мұны кездейсоқ білген.
"Көпбалалы ана - отбасын асыраушы жалғыз адам. Ал оның күйеуі арамтамақ, жұмыс істемейді, ащы суға үйір. Өздері пәтер жалдап тұрады. Оның үстіне тағы аяғы ауыр. Бірақ соған қарамастан пандемия кезінде волонтерлікпен айналысып, көпбалалыларға көмектесіп жүрді. Бір күні қызы ойыншықтарды жинастырып жатқанда жейдесі көтеріліп кетіп, анасы оның денесінен көгерген ізді байқайды. Содан ол бүкіл киімін шешіп қарайды, көгерген із басқа жерлерден де анықталады. Жан-жақтан қарша бораған сауалға қыз бала: "Әкем қатты сабады" деп жауап береді", - дейді ол.
Осыдан кейін бұл факт полицияда тіркеліп, сот болады. Отбасы ажырасады, бала сабаған еркекке айыппұл салынады. Ақырында ол айыппұлды көпбалалы ананың өзі төлейді.
Біраз уақыттан соң олар қайта қосылады, еркек балаларға қол көтермеймін деп ант су ішеді.
5 қарашада "Не молчи" қорының whatsapp-тағы шұғыл желісіне әйел сол соққыға жығылған 4 жасар қызын күйеуі зорламақ болғаны туралы хабар жолдайды.
Смайылова қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатқанын жеткізді.
"Қамалған соң ғана кішкентай қыз анасына әкесі екеуінің арасында құпияларды жария ете бастайды. Сөйтсе бұл бірінші рет болған жағдай емес екен. Сонда барып, әйелі күйеуінің осы балаға неге үйірсек екенін түсінеді. Балалардың ішінде осы қызының жер-жебіріне жетіп ұрсады, қол да жұмсайды, бір сөзбен айтқанда, қалауын істейтінін өзінің меншік "қыз-әйелі" қылып алған. Сол күні ол үйге мас болып келген, үй толы бала екеніне қарамастан қызды бөлек басқа бөлмеге алып кетеді, ал балалардың ішіндегі ересектеу ұлға жатын бөлмеге кірмеңдер деп ескертеді. Бұл кезде әйел кішкентайын емізіп отырыпты. Ұлы жүгіріп келіп, қарындасын әкесі жатын бөлмеге алып кіріп кеткенін, онда ешкімнің кірмеуін талап еткенін айтады. Сол кезде орнынан ұшып тұрған әйел жатын үйге қарай тұра жүгіреді, есікті ашып, жарықты жаққанда масқараның куәсі болады", - деп жазады Смайылова.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Еркектің туыстары әйелге кешіру үшін ақша да ұсынып көріпті. Әйел одан бас тартқан. Бірақ оның жағдайы қиын.