Желтоқсанның 23-де Панфилов аудандық "Nur Otan" партия филиалының штаб жетекшісі, партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Нұркешұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дарубаева Айгуль мен Құдайбергенов Қуаныш Пенжім ауылдық округінің тұрғындарымен проблемалық мәселелер жөнінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдағы жарық мәселесі, білім беру және жаңадан салынған денсаулық сақтау нысаны туралы да әңгіме қозғалды. Осы мәселелерге қатысты шешімі табылмаған мәселелер партия назарында болатындығын айтып өтті.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Нұркешұлы: "Ауыл - қазақтың негізгі күретамыры. Ұлт руханиятының ошағы да ауылдан бастау алады. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас қоры да ауылда сақталып келеді",-деп ауыл халқының әлеуметтік ахуалын нығайту партия алдындағы ең негізгі міндет екендігін айтып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Партия ықпалымен келер жылы Пенжім және Үшарал ауылында дене шынықтыру кешенінің құрылысы жүргізілетіндігін де ерекше атап өтті. Мәдениет нысандарының жағдайын жақсарту мақсатында 2023 жылы Алмалы ауылындағы мәдениет үйін және Пенжім ауылындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілетіндігін де ерекше атады.
Ал мәслихат депутаттығына үміткер А.Дарубаева мен Қ.Құдайбергенов партия бағдарламасымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы) Сайлау қорының қаражатынан төленді.