Әлеумет 28.12.2020 сағат 15:00

Бұдан былай зейнеткер және қандас куәліктерін алу eGovMobile қосымшасы арқылы қолжетімді

Бүгінгі күні сервисте келесі құжаттар да бар: жеке куәлік, некені тіркеу туралы куәлік, білімі туралы диплом, баланың туу туралы куәлігі, студенттік билет және т. б.
Бұдан былай зейнеткер және қандас куәліктерін алу eGovMobile қосымшасы арқылы қолжетімді
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Енді eGovMobile қосымшасында зейнеткер куәлігі мен қандас куәлігі қолжетімді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сервис өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы жоқ адамдарға пайдалы болады. Куәлік иесі (зейнеткер немесе қандас) оны талап еткен жері бойынша ұсына немесе телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатын көрсете алады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарда QR-код арқылы ашу мүмкіндігі бар, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

«Қазір Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалтадағы смартфонсыз өмірді елестете алмайды, сондықтан цифрлық құжаттарды пайдалану ыңғайлы, өйткені смартфонды әрдайым дерлік өзімізбен бірге алып жүреміз. Өзіңізбен бірге қағаз құжаттарды алып жүрудің қажеті жоқ. Бұл сервис электрондық үкімет арқылы тексерілген», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Бүгінгі күні сервисте келесі құжаттар да бар: жеке куәлік, некені тіркеу туралы куәлік, білімі туралы диплом, баланың туу туралы куәлігі, студенттік билет және т. б.

«Сондай-ақ, жыл соңына дейін азаматтың әлеуметтік мәртебесін көрсететін әлеуметтік ID бірыңғай цифрлық құжатын іске асыру жоспарлануда. Жақын арада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құжаттары және басқалары цифрлық форматқа көшіріледі. Уақыт өте келе біз құжаттардың қағаз нұсқаларынан мүлдем қажет болмайды», – деп толықтырды Ербол Оспанов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар