Әлеумет 30.12.2020 сағат 00:20

375 жас маманға көтерме жәрдемақы беріледі

«Nur Otan» партиясы 2021 жылы Әйтеке би кентінде балық өнімдерінен жем шығаратын, декорлық кірпіш құрайтын, 3Д панель құрайтын, колонна құрылыс бұйымдарын шығаратын цехтардың ашылуына мұрындық болады.
375 жас маманға көтерме жәрдемақы беріледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Nur Otan" партиясынан Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Өтеев Мінажадин, Әділбек Сарабеков пен Гүлнар Есқалиева Қазалы ауданы Жаңқожа ауылында «Есіктен Есікке» акциясын өткізді.

Үміткерлер ауыл тұрғыны Думан Төкеш, Әли Шайқұлдың шаңырағында болып, үгіт жүргізді. Үміткерлер тұрғындарға партия бағдарламасының басым бағыттарын таныстырып, тұрғындар тарапынан түскен талап-тілектерді де назарға алды.

«Nur Otan» партиясы 2021 жылы Әйтеке би кентінде балық өнімдерінен жем шығаратын, декорлық кірпіш құрайтын, 3Д панель құрайтын, колонна құрылыс бұйымдарын шығаратын цехтардың ашылуына мұрындық болады. Қазалы қаласында кәмпит цехын, қапшық шығаратын, көкөніс өнімдерін өңдейтін, Әйтеке би кентінде ауыз су өндіру цехын, 2024 жылы нан шығаратын наубайхананы, 2025 жылы Бірлік ауылында попкорн өндіру цехын кеңейту жобаларын іске асырмақ»,  - деді үміткер Мінажадин Өтеев.

Кездесуде ауыл тұрғыны Әли Шайқұл жастарды жұмыспен қамту мәселесін сөз етті. Бұл бағыттағы партия жоспарымен Гүлнар Есқалиева таныстырды.

«Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және 19 ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелейді. «Жасыл ел» еңбек жасағымен жыл сайын 100 жасты уақытша жұмыспен қамтиды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 375 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беріп жағдай жасайды. Аудандағы 2500 жұмыссыз жастардың жыл сайын 500-і тұрақты жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі», - деді үміткер Гүлнар Есқалиева.

Барлық ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізген тұрғындар, жасалып жатырған іске сәттілік тілеп, қариялар батасын берді. Үміткерлер үгіт парақшаларын таратып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

"Nur  Otan"  партиясы Қызылорда  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар