08.01.2021, 11:20

Былтыр 31 мың жұмысшының құқығы қорғалған

Кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 790 нұсқама берілген.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1184 кәсіпорнында 31 мың жұмыскер алдында 4,2 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 790 нұсқама беріліп, 106,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.  

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 31 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 4,2 млрд теңге төленді.    

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.