Әлеумет 13.01.2021 сағат 15:00

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысы 2 есеге өседі

Осы мәселені іске асыру әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін білім беру және денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің жалақысына жақындатуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысы 2 есеге өседі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50%-ға өсті. 2022 жылы лауазымдық жалақы 25%-ға, ал 2023 жылы тағы 25%-ға өседі. Осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 12 қаңтарда өткен отырысы аясында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылданды, оған сәйкес өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ), үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) лауазымдық жалақысын үш жыл ішінде арттыру көзделген.

Нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қызметкерлердің лауазымдық айлықақысы 50%-ға, 2022 жылы ағымдағы мәннен 25%-ға, 2023 жылы тағы 25%-ға өседі.

Қаулыда сондай-ақ қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 30%-ынан лауазымдық жалақының 40%-ына өзгерту жолымен стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін әкімшілік және қосалқы персонал үшін жалақыны арттыру көзделген.

Осы мәселені іске асыру әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін білім беру және денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің жалақысына жақындатуға мүмкіндік береді, бұл кадрларды сақтауға және халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар