$ 494.87  520.65  4.91

2020 жылы қазақстандықтарға зейнетақы түрінде шамамен 2,5 трлн теңге төленді

Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 772,3 млрд теңге және ынтымақты зейнетақыға 1 721,5 млрд теңге төленді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2020 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 211,7 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 65,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 146,1 млрд теңге бағытталды.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 247 мың адамды құрайды.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі - МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Мысалы, егер қатысу өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жыл – ең төмен күнкөріс деңгейінің 94%-ын құрайды. Жұмыс өтілі 33 және одан да көп жыл болса, ең төмен күнкөріс деңгейінің 100%-ы мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары