17.01.2021, 07:51

Қарағандыда алты баланы анасынан тартып алмақ болды

Фото: ашық дереккөзі
Қария мүлкін үлкен немересіне аударып бергенімен, қызы мен немерелерін үйіне кіргізбейді...

Қарағандыда 6 бала анасынан айырылмақ деп хабарлады 31 арна.

Келіншек ата-аналық жауапкершіліктен жалтарды және балаларға жағдай жасамады деп айыпталды. Қамқоршылық бөліміне шағымды әйелдің өз әкесі жазған. Қазір келіншек ана болу құқығынан айырылмау үшін тырысып бағуда.

Еріктілер Динара Имамбекованың тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектесті. Олар көмекке 700 мың теңге жинады. Енді міне, тар бөлменің орнына 6 балалы ана 3 бөлмелі үй жалдап отыр.

Ол бірнеше ай бойы сотта өзінің ана құқығын қорғауға мәжбүр. Қарт әкесі балаларды Динарадан алып кету үшін мемлекеттік органдарға арыз жазған. Динараның 82 жастағы әкесінің тұратын пәтері бар.

Қария мүлкін үлкен немересіне аударып бергенімен, қызы мен немерелерін үйіне кіргізбейді. Осылайша, Динара 6 баласымен пәтерде тұрып жүр.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның Динараны ата-ана құқығынан айыру хаттамасын бұзды. Қоғамдық қорлардың бірі отбасы үшін пәтер алып беретін болады. Енді бірі балалармен жұмыс істейтін психологтар тауып, келіншекке көмек қолын созбақ.

Сот шешімі бойынша балалар анасының жанында қалды.

Тегтер: Қарағанды ана