$ 494.87  520.65  4.91

«Қарсымын!»: Бекболат Тілеухан заңға атүсті қарағанын мойындады (ВИДЕО)

Ауырып тұрған соң...


Қазіргі кезде әлеуметтік желі қолданушылар арасында "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын қызу талқыланып жатыр. Осы орайда, 18 қаңтарда елордада бір топ әйел Әділет министрлігінің алдына шығып, "баламызды ешкімге бермейміз, біз заңға қарсымыз" деп заң жобасына қарсы наразылықтарын білдірді. Бұл туралы 31 арна хабарлады. 

Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан 31 арнаға берген сұхбатында бұл заңды атүсті қолдап жібергенін айтты.

 "Ауырып тұрғаннан кейін (ауырып тұрған жағдайда) бұл нәрсеге үңіле алмай қалып, бірінші оқылымда біздің өзіміз қолдап жібердік. Қарсымын, қазір қарсы болып тұрмын", - деп (түрінен ентігіп әрі ашынып тұрғаны байқалады) жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары