$ 444.32  473.33  4.76

Дума депутаты Федоров қазақ халқына бас иіп, алғыс айтты (ВИДЕО)

"Ресей халқын құтқарып, жеңіске жеткізген сіздерге үлкен рахмет!" - деді ол.

Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Федоров еліміздің солтүстік облыстарын "Ресейдің Қазақстанға сыйлығы" деп атап, басы дауға қалған еді. Оның мемлекеттік маңызы бар қызметте жүріп айтқан сөзі үшін ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ескерту жасап, депутат сөзін "қысыр сиырдың сандырағы" деп атаған болатын, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы bairaq.kz-ке сілтеме жасап.

Сол Федоров кеше басқаша мәлімдеме жасап, Қазақстан халқына айрықша ырза екенін, тарихта қазақ халқы орыстардың Отанын талай рет сақтап қалғанын айтып, бас иді.

"Ресей империясының құрамына кірген қазақ жауынгерлік жасақтары жасаған сыйлық Наполеонды жеңуге мүмкіндік берді. Қазақтар башқұрттармен қатар Парижге кіріп барды. Бұл - рас. Ресей халқын құтқарып, жеңіске жеткізген сіздерге үлкен рахмет! 28 панфиловшы да 1945 жылы Мәскеуді қорғап қалып, Отанымызды қалпына келтіріп берді", - деген ол отырған жерінде Қазақстан халқына бас иіп, алғыс білдірді.

Дегенмен, әлеуметтік желідегі қазақстандықтар ресейлік депутаттың "сыйлық" деген сөзіне шүйлігуде. Оның бір-біріне мазмұны қайшы қос мәлімдемесінде де "сыйлық" деген сөз жиі қолданылады.

Ал Вячеслав Федоров өз сөзін "тәжірибелі саясаткердің көзқарасы" екенін, ешқандай адасу мен арандатуға ұмтылмайтынын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары