$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда 70 адамға құдалық жасауға рұқсат берген мейрамхана иесі айыппұл арқалады

Жыл басынан бері Түлкібас ауданында карантин режимін бұзудың 258 фактісі анықталды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының тұрғыны 70 адамды қонаққа шақырып, құдалық жасаған. Ұйымдастырушыларға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының полицейлері әкімдік және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерімен бірлесіп, карантин режимін сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Жыл басынан бері Түлкібас ауданында карантин режимін бұзудың 258 фактісі анықталды.

"Мәселен, Түлкібас ауданының бір ауылында мобильді топ мейрамханада 70-ке жуық қонақ шақырылған құдалықты тоқтатты. Ұйымдастырушыларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi бұзу) материал жиналды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, азық-түлік дүкендерінің бірінде санитарлық талаптар сақталмаған. Сатушы клиенттерге медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен. Кінәлілерге әкімшілік айыппұл салынды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары