$ 498.34  519.72  4.85

Көкшетаулықтар вакцинациялау мен жаңа заңға қарсы наразылық білдірді (ВИДЕО)

Олар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау шарттарына наразылық білдіріп, бейне хабарлама түсіргісі келді.

Көкшетаулықтар орталық алаңға жиналып, қазақстандықтарды жаппай вакцинациялауға және "Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Видео әлеуметтік желілерде "Көкшетауда митинг өтті" деген тақырыппен таралуды. Кадрлардан 50-ге жуық адам жиналғанын байқауға болады. Видеода ер адам жаңа заң жобасына сәйкес, баланың шағымынан кейін ата-ана құқығынан айыру деген шешіммен келспейтінін айтты. 

Ақмола облысының әкімдігі 25 қаңтарда сағат 11.00-де Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңына адамдар жиналғанын хабарлады. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау шарттарына наразылық білдіріп, бейне хабарлама түсіргісі келді.

"Көрсетілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұл кездесуге облыс әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің бастығы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары және ішкі істер органдарының жетекші звеносы қатысты", - деп түсіндірді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары