Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шағиева әлеуметтік желіде жаңа хоббиіне қатысты видео жариялап, ол көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды zakon.kz.
"Дайындалып жатқаныма үшінші ай және бес элементтен тұратын бүктелуді үйрендім. Идеалды деп айта алмаймын, аяғым кішкене қисайып, қолым да арасында жөнсіз ербеңдеп кетеді, бірақ сонша ынта-шынтаммен беріліп, тер төгудемін. Кеш қайырлы әрі өз-өзіңізге деген сенім болсын! "Мынаны жасай алмаймын" дегенді "жасауға тырысамын" дегенге ауыстырсақ, онда әр кез сайын ісіңіз жақсара түседі! , деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.