$ 444.22  476.38  4.82

«Үкілі бала» атанған емші үйленді (ФОТО)

Емші бала қалыңдығымен түскен суретін жариялады.
Фото: instagram.com/ erbolsyn_serikbaev
Фото: instagram.com/ erbolsyn_serikbaev

Ел ішінде «Үкілі емші бала»  атымен танылған қызылордалық Ерболсын Серікбай шаңырақ көтерді, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Үкілі бала бұған дейін де үйленетінін бірнеше рет айтқан еді. 

«Бәріне сәлем. Ең алдымен Аллаға шүкір етем. Маған жарық дүниені көрсеткені үшін тәубе деймін. Маған бар жақсыны берген, тәрбиелеген ата-анама алғыс айтам. Менің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамым. Осы таңдауды жасауға қолдау көрсеткен барша туысыма, жақындарыма рахмет. Мадикош, Алла біздің өмірлік жолымызды ұзағынан қылсын. Әмин», - деп жазды Ерболсын instagram парақшасында.

Емші бала қалыңдығымен түскен суретін әлеуметтік желіге жариялады. 

Көпшілік ақ батасын беріп, құтты болсын десті. 

"Көтеріп жатқан шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын", "Шаңырақтарын құтты болсын", "Бақытты болыңдар, бақтарың ашылсын", "Өмірлерің ұзақ, бақыт сәттерің көп, бала-шағаларың көп болсын, "Өмірлік қадамың құтты болсын", - деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары