Әлеуметтік желілерде трансгендер жігіттің видеоүндеуі пайда болды. Ол туысқандары мен достарынан өзін мазаламауын сұраған, әйтпесе президентке жүгінетіндігін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.
"Мен барлық туыстарыма, нағашыларыма, достарыма айтқым келеді, маған жоламаңдар, мені ұруды қойыңдар. Бұрынғыдай маған бірнәрсе ойлап тауып жатсаңдар, жанжал шығарамын. Мен барлықтарыңды ЛГБТ-ның адамдарына айтып соттатып жіберемін. Мені осындай күйге жеткізген сендерсіңдер!", - деп түсіндірді ол.
Ол сонымен қатар мұндай үркіту, қорқыту әрекеттері ары қарай жалғаса берсе, Тоқаевқа арызданатынын немесе телеарнаға шығатынын жеткізген.
"Не надо, маған келіп видеоға түсіріп алып, шашымды қырқып кеткендерің. Кезінде зорлағандарың, қорлағандарың жетпей ме?, Маған қиын кезде ешқайсыларың көмектеспедіңдер, енді мен қалай өмір сүруді өзім білемін", - дейді ол.
Сондай-ақ, видео авторы «қыз болып қалғысы келетінін әрі солай өмір сүретінін» айтқан.
"Маған қастандық жасауды ойлап жүрсеңдер, ойларыңа да кіріп шықпасын, менің артымда қандай адамдар тұрғанын білмейсіңдер!", - дейді трансгендер.
Видеоның нақты қашан, қай аймақта түсірілгені белгісіз.