$ 494.87  520.65  4.91

«Басшы өзін құдды бір «әзірейіл» тәрізді сезінеді» - Мәжіліс депутаты

Қатыгездік ешкімді жақсылыққа сүйремеген.

Қазір пандемияның әсерін пайдаланып, адамдарға қасақана кінәрат тағу көбейіп барады. Қоғамдағы мұндай жайт туралы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана Мәжіліс депутаты атанған Ерлан Саировтың сөзінше, пандемия кезінде кейбір басшылар өздерін әзірейіл секілді сезініп кеткен көрінеді.

"Батыс юриспруденциясының «әрбір түсініксіз жағдай адамның пайдасына шешіледі» деген ұғымын қазақ қағазсыз-ақ шешкен. Бүгінде жан-жақта пандемияға байланысты көптеген мәселе шығып жатыр. Қысқарту, жұмыс уақытын шектеу көптеп кездеседі. Өкінішке қарай, адамдарды пандемияны пайдаланып, қасақана адамдарға кінәрат тағу көбейіп барады. Ал енді әрбір тағдырға келгенде адамшылық, кешірімділік, кеңшілік тұрғысынан қарастыру тапшылығы бар. Басшы өзін, құдды бір «әзірейіл» тәрізді сезінеді", - деп жазды Саиров. 

Мұнан бөлек ол, адамгершілік қасиеттер жайлы сөз қозғады.

"Адамға жасалған кішкентай кінәрат, үлкен зұлмат болып қайтатыны анық қой. Жалғыз басты ана, жастар, жас жанұясы бар адамдарға келгенде адамгершілік, сүйіспеншілік тұрғысынан қарастыру өте маңызды. Жақсылықтың да жамандықтың да қайтымы болады. Жақсылық жасау, "жаманын жасырып, жақсысын асырған" сауап болады.

"Жас өспей ме, жарлы байымай ма" деп бекер айтпаған ата-бабамыз... Бұл қағидат баршамыздың (министр, директор, бизнес иесі) ойымызда болуы шарт... Қатыгездік ешкімді жақсылыққа сүйремеген", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары