$ 444.22  476.38  4.82

Нұр-Сұлтанда ауыз сусыз қалған жатақхана тұрғындары шу шығарды

Тұрғындардың айтуынша, жатақханада кәріз жүйесі істен шыққан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елордада жатақхана тұрғындары ауыз сусыз отырғандарына бір аптадан асқанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Тұрғындардың айтуынша, жатақханада кәріз жүйесі істен шыққан. Базыналы жұрт қайда барса да, жөнді жауап ала алмайтын көрінеді. Айтуларынша мәселенің барлығына пәтер иелері кооперативінің жауапсыздығы себеп дейді.

Жатақхана іртетасының қаланғанына, 50 жылға жуықтапты. Содан бері жібі түзу жөндеу көрмеген, бүгінде тозығы жеткен. Соңғы жылдары кәріз жүйесінің істен шығуы да, қалыпты жағдайға айналыпты. Алайда бұл жолғысы тұрғындарды әбден қажытқан көрінеді.

«Құбыр жарылды, астынды канализация жарылды. Туалетті құлыптап тастаған. Суды сөндіріп тастаған. Құбырды біз өз қаражатымызға жөндейміз. Бірақ КСК-ның ақшасын әрдайым төлейміз», - дейді тұрғындардың бірі Жадыра Исманова.

Айтуларынша тұрғындар жауапты пәтер иелері кооперативіне айма-ай ақша төлейді. Алайда көпшілік соңғы кездері жауапты орынның бар-жоғына да күмәнмен қарайды. Жергілікті әкімдік болса, бұл жатақханада пәтер иелері кооперативі жоқ екенін мәлім етті. 

«Иә, аталған үй туралы хабардармыз. Қазіргі таңда бұл үйде қызмет көрсетуші, яғни КСК жоқ. Сол себепті тұрғындарға ортақ мүлікті күтіп ұстау үшін заңға сәйкес мүлік иелері бірлестігін құруға бірнеше рет кеңес бергенбіз», - дейді Сарыарқа ауданы инспекциясының бөлім басшысы Еркебұлан Көшкінбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары