Әлеумет 16.02.2021 сағат 14:20

Көк тудан Совет одағының символын артық көретіндер шу шығаруда (видео)

Ашуланған тұрғындар орақ пен балғаны қайта қалпына келмейтіндей етіп бөлшектеп тастаған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды облысында әлі күнге дейін коммунизм елесі кезіп жүрген сияқты. Өйткені, ондағы Ақбастау ауылында көк байрақтан Совет одағының символы орақ пен балғаны биік көретіндер көп екен. Орақ балғаның орнына қойылған ескерткіштің орнына жергілікті белсенділер ту тіксе оны ауылдың кей тұрғындары қайтадан жұлып тастап, Кеңестің символын қайтадан тұғырына қондырыпты, деп хабарлайды Oinet.kz «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысы Ақастау ауылында үш күн бойы екі тарапқа бөлінген тұрғындардың дауы аяқталар емес. Бірі ауылдық сыртында тұрған орақ пен балғаның мәңгілікке қалғанын қаласа енді бірі Тәуелсіз қазақ елі көк туының биіктен желбірегенін дұрыс көреді.

«Оны алып тастау керек. Одан да өзіміздің қазақтың туы ілінсін», - дейді тұрғын Марат Калиткенов. 
 Тұрғындар орақ пен балғаны алып тастап Көк байрақты қайта орнатқан. Алайда, ауылдың жарты халқы оны жұлып орнына қайтадан орақ пен балғаны қойған. 

«Монументті ауыл тұрғындары өздері орнатқан болатын. Алып тастағанда бізге ауыр тиді. Ескерткішті жойғандарға қатысты Ішкі істер органдары тергеу жүргізеді деген ойдамын»,  - дейді ауыл тұрғыны.  

Ал, жергілікті билік Совет үкіметі символының әкімшіліктің қарамағына кірмейтінін айтып отыр. Атқамінерлер жұртшылықпен келісіп орақ пен балғаның орнына Ақбастау менің жүрегімде монументін қоймақ.

Ашуланған тұрғындар орақ пен балғаны қайта қалпына келмейтіндей етіп бөлшектеп тастаған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар