Парламент мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов ютуб арқылы танымалған журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды бандитке теңеді. Депутаттың ол туралы айтқан сәті түсірілген видео желідегі «shyndyq.kaz» парақшасында жарияланды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
«Журналистикалық мәдениеттен кішкене алыстау. Жәй ғана бандюга сияқты отырып жүргізе беретін хабарлар болады. Сондай ғой», - дейді депутат.
Халық қалаусының бұл сөзін естіген желі қолданушылары журналисті жамандағын депутаттың өзіне тарпа бас салды.
«Сол өзіңізден кіші журналистті айтқанша халық үшін не істедің? Жауап берші! Тонау ғой сенің тірлігің АЛЛАҒА жауап бересің асықпа», «Оттамашы, күшті болсаң, солай жүргізбейсің бе?», «Ей, балам депутат креслоңда ұйықтап отыра берсейші, не қыласың ол баланың сауап жасап жүргенін көре алмасаң, тыныш жүре бергендерің дұрыс-ау», «Ол халық үшін жүгіріп жүр, сен не істеп жатырсың? Ұйықтап келіп-кететін депутаттарды айтсаңшы оданда», «Ол да бір хайп қуып жүрген жарты бас! Нұрсейіт! Дегенмен ол да шындықты бетке айтатын бір туар! Бандит деуге ұят! Оны! Бандит таза депутаттар! 100% сходняк жасап алды! енді жеу, көтке кіру, тендірлерді ұтып алу, қысқасы коррупция басталады! Бір де бір депутат халық үшін жұмыс жасамайды! Бұл факт өкінішке орай!», - деп желідегілер өре түрегелді.