Боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибрайымов Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, біршама әңгіменің басын шалды. Боксшы былтыр елордада үйден шыққан өрт салдарынан көз жұмған бес бүлдіршіннің ата-анасына қатысты пікір айтты, деп жазады bairaq.kz.
«Шынын айтқанда, бұл – өте өкінішті. Бүкіл Қазақстан дүр сілкінді. Әрекет жасаған кезде, үйден шығар кезде, барлық қауіпсіздікті қарастырып кетуі керек еді. Ең болмаса көршіге тапсырып кет, бірақ бес баланы түнде қалдырып кету деген енді... Туған-туыс бар, әке-шеше бар, соларға тапсырып кет. Шынын айтқанда, балаларға бұлай қарау – нағыз түк көрмегендік», - деді ол.
Ибрайымов бұдан әрі ажал құшқан бес баланың әке-шешесін ауылдан кетпеуі қажет екенін айтты. Боксшы өз ұлының Дубайда жүріп бассейнге батып кетіп қайтыс болғанын айтып, барлығын Құдайдың ісіне балады.