$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте шомылу маусымы басталып кетті

Жалпы шаһарды қақ жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойынан жыл он екі ай адам үзілмейді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

"Шымкентте шомылу маусымы басталды". Осындай атаумен әлеуметтік желіні шарлап кеткен бейнекөрініс еліміздің өзге өңірлеріндегі жұртшылықтың таңданысын тудырды, деп хабарлады paryz.kz, Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Шындығында Шымкент қаласында соңғы бір аптадан бері күн райы 15-20 градус аралығында жылы болып тұр. Жалпы шаһарды қақ жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойынан жыл он екі ай адам үзілмейді. Өйткені көпшілік бұлақтан бастау алатын судың денсаулыққа тигізер пайдасы зор деп санайды. Өзен бойында жаз мезгілінде тіпті ине шаншар адам болмайды. 

"Жоқ, ыстықтағандарды білмеймін. Өзіміз әйтеуір ем үшін келеміз. Негізі басым, аяғым ауыратын еді. Осы жерге түскелі жақсы болып қалды. Емдік қасиеті бар. Аяғың ысиды. Сондай жақсылықтары бар", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Сәкен Іздібаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары