Әлеуметтік желіде көзі ойылған Шымкенттегі иттер туралы ақпарат тарады. Шымкент полициясы бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Көзі ойылған кішкентай ит үйде өскені көрініп тұр. Қазір система салып жатырмыз. Жағдайы ауыр. Әлі біраз уақыт ветеринардың бақылауында болады. Бір көзінен айырылып қалды. Екінші көзін сақтап қалуға болады. Қазір ит қатты шок алған", - делінген хабарламада.
Шымкент полициясы иттің қаладағы ветеринардың қарауында екенін айтты. Қазір тәртіп сақшылары иттің иесі мен оқиғаның куәгерлерін іздеуде.
"Аталған факті бойынша Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі "Жануарларға қатыгездік" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.