$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда жақындарынан жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған

Орталық қызметкерлері 450 азаматшаға 116 заңгерлік, 55 психологияық және 279 әлеуметтік көмек көрсеткен.

Атырау облысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 26 ақпан – 1 наурыз аралығында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 12 айында ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарына жақындарынан зардап шеккен 25 азаматшаны және олардың кәмелетке толмаған 54 баласын орналастырды. Қазіргі таңда аталған орталықта 4 азаматша мен 8 кәмелетке толмаған бала бар. Орталық қызметкерлері 450 азаматшаға 116 заңгерлік, 55 психологияық және 279 әлеуметтік көмек көрсеткен.

Өңір полицейлері отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілерді тарта отырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізеді, қоғамдық орындарда жаднамалар таратады.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары осыған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықты уақытша паналаған. Кейін мекенжайын өзгерткен азаматшалардың қазіргі жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін білу мақсатында олардың мекенжайларын аралайды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары