$ 494.87  520.65  4.91

Желіде екі құлағына мұз қатқан адамның суреттері тарап жатыр (ФОТО)

Ол қатты боран мен қақаған аязға қарамастан, жеңіл бас киіммен шыққан екен

Дәрігерлер әлеуметтік желіде тараған видеодағы ер адамның денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желі қолданушылары арасында екі құлағы мұз болып қатып қалған ер адамның видеосы тарады. Көлік жүргізушісі жеңіл бас киіммен жолға шығып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, Батық ауылына жетпей, көлігі бұзылып қалған. 

Карагандинец сильно обморозил уши во время бурана

Ekaraganda.kz порталы таратқан мәліметке сәйкес, бұл оқиға Қарағанды облысының Шет ауданында болған. 62 жастағы ер адамның көлігі жарты жолда істен шығады. Ол қатты боран мен қақаған аязға қарамастан, жеңіл бас киіммен шыққан екен. Содан екі құлағы қатты үсіп қалған.

Жол-жөнекей көлік ұстап, Жаңарқа ауылының ауруханасына жетіп алған ол құлағымнан айырылдым деп ойлаған. 

Карагандинец сильно обморозил уши во время бурана

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның құлағы қатты үсіп қалған. Бірақ ампутацияның қажеті болмады. Тиісті медициналық көмектен кейін ер адамды үйіне жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#аяз #үсік шалу