02.03.2021, 03:33

Жалақыға көңілі толмаған медбикелер мен кітапханашылар шағымданып жатыр

Фото: ашық дереккөз
Бала денсаулығына жауапты мамандардың еңбекақысы маңдай терін ақтамайды.

Білім беру саласында жұмыс істейтін медбикелер мен кітапханашылар жалақыларының мардымсыз екенін айтып шағымданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде балабақша мен интернаттарда 5 жарым мың медбике жұмыс істейді. Бала денсаулығына жауапты мамандардың еңбекақысы маңдай терін ақтамайды. Осылай деген депутаттар Үкіметке ұсыныс жолдады. Айлығы шайлығына жетпейтін мамандардың қатарында мектеп кітапханашылары да бар.

«Осы теңсіздікке наразылық білдіріп, медицина қызметкерлері және кітапхана қызметкерлері басқармаға шағымдар, арыз хаттар жазуда. Біз осы хаттарды негізге ала отырып, Білім және ғылым министрлігіне жаздық. Әлі нақты жауап белгілі болған жоқ. Күтіп отырмыз», - деді  облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев.

Қазір еліміздегі білім беру мекемелерінде 5,5 мыңға жуық медбике, жеті мыңға жуық кітапханашы жұмыс істейді.