Әлеумет 04.03.2021 сағат 17:40

Желіде жігіттердің қызды «алып қашқан» сәтінен видео пайда болды

Куәгерлер қызды зорлап алып кеткенін айтады.
Желіде жігіттердің қызды «алып қашқан» сәтінен видео пайда болды
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкентте Lexus көлігіне салып қызды "ұрлау" оперциясы видеоға түсіп қалды. Видео әлеуметтік желілерде желдей есуде. Қалалық полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желілерде "қызды алып қашқан" туралы бейне пайда болды.

Куәгерлер қызды зорлап алып кеткенін айтады.

Шымкент полиция департаменті 2021 жылдың 3 наурызында сағат 20.00 шамасында оларға қонақ үйлердің бірінің жанында белгісіз біреулер қызды күштеп Lexus маркалы автокөлігіне отырғызып, кетіп қалғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлады.

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бірқатар қажетті іс-шаралар өткізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Сауалнама барысында 22 жастағы қыз өзінің 23 жастағы жігітімен ұрысып қалғанын, бірақ өз еркімен оның көлігіне отырғанын түсіндірді. Сондай - ақ, бойжеткен жас жігітке ешқандай шағымы жоқ екенін айтты", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар