$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда перзентхананың былығын әшкерелеген әйел босану кезінде көз жұмды

Қазір осы жағдайға байланысты перзентханада тергеу шаралары басталған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласындағы № 5 перзентханада босанған әйел көз жұмды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиеваның айтуынша, оқиға 2 наурызда болған. Анасы көз жұмғанмен, сәбиі аман қалған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Қазір осы жағдайға байланысты перзентханада тергеу шаралары басталған. Оның қорытындысы сот-медициналық сараптама аяқталған соң жасалады.

Бұған дейін БАҚ-тың бірінде босанған әйелдің (Анна Есинбекова - марқұм) қайтыс болары алдында перзентханадағы жемқорлық туралы хабарлағаны жайлы айтылды.

Басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиева әйелдің өліміне аурухана басшылығы кінәлі екені анықталса, басқарма қатаң шара қабылдайтынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары