$ 447.4  477.55  4.76

17 жыл түрмеде жазасын өтеп шыққан маньяк үйленетінін айтты

«Мен үйленемін. Мен өзіме жас әжей таптым» деді ол.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

«Скопиндік маньяк» атанған ресейлік Виктор Мохов түрмеден шығып, үйіне оралды. Бұрынғы қылмыскер алдаға уақытта үйленетінін айтты. Өзіеің айтуынша, қалыңдық та тауып қойған екен. 

«Мен үйленемін. Мен өзіме жас әжей таптым» деді ол.

Мохов басқа мәліметтерді жария етпеді. «Скопиндік маньяк» сонымен бірге өзінің құрбандарымен кездесуге ниетті және олардан кешірім сұрағысы келеді. Сонымен қатар, ол балаларын іздейді.

Естеріңізге сала кетейік, «скопиндік маньяк» кәмелетке толмаған 14 және 17 жастағы екі қызды төрт жыл бойы зорлап келген. Төрт жылға жуық уақыт қыздарды жертөледе ұстаған. Бұл үшін істі болып, 17 жыл жазасын өтеді. Қыздар 2004 жылдың мамырында босатылды.

Мохов 2021 жылдың 3 наурызында бостандыққа шықты. Ол өзінің туған қаласына келіп, «Верда» қонақ үйінде түнеуді қалайды, бірақ қызметкерлер оған бөлмелердің жоқтығын сылтауратып, кіргізуден бас тартқан.

"Қорқамын деп айта алмаймын, бірақ мені 3,5 жылдық өмірден айырған азаптаушымның жақында босатылып, қалыпты өмір сүруді жалғастыратыны маған ауыртпалық түсіріп отыр", - деді жәбірленушінің бірі Мартынова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары