$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған медальдар рубльмен сатыла ма?

Медаль эскизі әзірлену үстінде.

Кейбір интернет-сайттарда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін сатып алу ұсынылып жатыр. Олар ресми емес және «қоғамдық» марапаттарға жатады. Сондай-ақ бұл медальдар Қазақстанда дайындалмаған және біздің елде шығарылғалы жатқан медальға қатысы жоқ,  деп хабарлады Азаттық рухы. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мерекелік медаль саудасына қатысты түсініктеме берді.

«Мемлекеттік наградалар мен мерекелік медальдар ҚР Президентінің жарлығымен тағайындалады және сатылмайды. 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР заңына сәйкес, ҚР азаматтары республика алдындағы ерен еңбегі үшін, жемісті мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық қызметі, еңбектегі және жауынгерлік ерліктері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталады. Мемлекеттік наградалармен наградтауды ҚР Президенті жүзеге асырады. Сыртқы түрі бойынша ҚР мемлекеттік наградаларына ұқсастығы бар ордендер мен медальдарды, төске тағатын белгілер мен олардың құжаттарын, сондай-ақ Құрмет грамотасын жасауға және дайындауға тыйым салынады.

ҚР-ның орденін, медалі мен құрметті атаққа берілетін төске тағатын белгісін сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге де ақылы түрде беру, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға қатысты заңсыз іс-әрекеттер жасау заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады», – деп хабарланды ведомстводан.

Биыл Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі шығарылады. Тиісті Жарлықтың жобасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірледі. Құжат сипаттамасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланып, көпшіліктің талқылауына ұсынылды. Медаль эскизі әзірлену үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары