$ 447.4  477.55  4.76

«Билік яхтада қымбат шарап ішіп, думандатып кетіп барады...» – жазушы

Жемқорлыққа Жол Жоқ Ақпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыдан кейін Шымкентте жемқорлық жоқ деп көріңдер!
фото: www.matritca.kz
фото: www.matritca.kz

Жазушы Аягүл Мантайдың ойынша, Отанымыздың  жағымпыздық пен жемқорлыққа тұншығып қалған. Мәселен ол, танысының үй алу үшін таныс іздеп шарқ ұрғаны жайлы желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қоғамдық өзекті мәселелер жөнінде ұдайы өз пікірін білдіріп отыратын жазушының пайымдауынша, «халық қазір бәрінен шаршаған, ашыққан».

«Ауылдан бір танысым звондады. «Айка, «Дипломмен – ауылға» деген бағдарлама бойынша келіншегім үй алмақшы еді. Мемлекет 4 млн. береді. Бізден шляпасына 10 процентін, яғни 400 мың сұрап жатыр. Танысың жоқ па?» дейді. 

Назарбаев билігі халықты батпаққа батырды... Қайда барсаң - жемқорлық, пара, жағымпаздық... 
Жағымпаздықтан, жасандылықтан жүрегің айниды... 

Бұл - біздің жалғыз Отанымыз ғой! Біздің жалғыз Отанымыз жағымпаздыққа, жасандылыққа, жемқорлыққа тұншығып қалды. Отанымыздың жазықсыз түрмеге қамалған, Жаңаөзенде қамалған,   жазықсыз қудаланған тұлғалардың көз жасына тұншығып қалды...

Образды түрде айтсақ, ашыққан, ашынған, бәрінен шаршаған халық реанимацияда жатыр...
Билік яхтада қымбат шарап ішіп, думандатып кетіп барады...
Параллельді екі әлем...», - деп жазды Аягүл Мантай.

Оның бұл ойын желі қолданушыларының басым бөлігі қолдай жөнелді. 

Мысалы, Ayan Rashitov есімді аккаунт иесі: «Дұрыс айтасыз қарама-қайшылық көп қазақ қоғамында» десе, Гулдархан Карибаева «Үкімет тарапынан берілетін барлық бағдарламалардан , жергілікті жердегі  «биліксымақ» тар «шляпа» сұрайды. Сол «шляпаның» астында қалғырлар» деп ашынған кейіпте пікір қалдырыпты. 

Ал Салиха Дуанаева болса, «Әбден былыққа батқан ел болдық! Ұрпақтың келешегі қалай болар екен?» деп сұрақ қойса,  белгілі дәрігер Ғабит Нурханұлы: «Жемқорлыққа Жол Жоқ Ақпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК осыдан кейін Шымкентте жемқорлық жоқ деп көріңдер»,  - деп жазушы жазбасының астына жемқорлыққа қарсы жауапты мекемелердің ресми парақшасын белгілей кетті. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары