$ 445.66  474.58  4.78

«Аягөзге халықтың ауызын аңдитын полиция қызметінің көк тиынға да қажеті жоқ» – адвокат

Аягөз өңірінен ашылмай жатқан қылмыстарды  ашатын, құқық бұзушылықтарға жол бермейтін полиция қажет.
фото: zhaikpress.kz
фото: zhaikpress.kz

Адвокат Бақытбек Шуашев  желідегі парақшасында полиция қызметкерлерінің жұмысына көңілітолмайтынын жеткізді. Оның жазуынша Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз аудынында «адамдардың аузын аудитын полиция» қоғамның наразылығын тудыруда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, жазба авторының желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

«ШҚО, Аягөз АПБ –нің  полиция қызметкерлерінің  негізгі функциялық қызметі Аягөз тұрғындарының  аузын аңдуға  айналған. Қала ішіндегі батып жатқан қүл-қоқыстарға  қарамастан  қолын аузына апарған жеке адамдарға шемішке шақтың немесе темекі тарттың деп хаттама толтырып, оларды сотқа сүйреу  әдеттеріне  айналған. Мұндай жағдайлар әрине  қоғамның  әділ наразылығын тудыруда. Дәл кәзір бізге мұндай  полиция қызметінің көк тиынға да қажеті жоқ», - деп жазды Б.Шуашев. 

Мұнымен қоймай, қандай полиция керегін де жаза кетті.

«Бізге қажеті  нағыз қоғамдық тәртіп пен  қылмысқа қарсы күресетін, адам саудасына  жол  бермейтін және кәзіргі  ел ішін жайлап алған жергілікті жердегі  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күресетін полиция қажет.  

Аягөз өңірінен із-түссіз жоғалған адамдарды  іздестіріп табатын, жеке меншікке атап айтқанда мал-бастарына  байланысты ашылмай жатқан қылмыстарды  ашатын, жол-көлік апаттарына жол бермейтін, адам өмірі мен денсаулығына байланысты жасалған қылмыстардың  алдын алатын, қоғамға қауіпті бұзақылықпен жасалатын құқық бұзушылықтарға жол бермейтін полиция қажет. Аягөзге  халықтың  ауызын аңдып, ауырдың  үстімен жеңілдің астымен қызмет ететін мұндай полиция қызметінің  мүлде қажеті жоқ», - деп ойын тағы бір нақтылап қойды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары