$ 495.2  522.34  4.94

Қытай елшісі қазақстандықтардың өтінішіне жауап берді

Бұған дейін Қытай лагерьлеріне қамалғандардың туыстары Қытай елшілігінің алдына пикетке шығып, жақындарына еркіндік беруді тағы талап етті. Осымен 17 рет елшілік ғимаратының алдына талаптарын айта келген.

ҚХР елшісі Чжан Сяо туыстарымен қайта қауышуды сұраған қазақстандықтарға жауап берді,  деп хабарлайды Stan.kz

Қазақстан-Қытай қатынастарының өзекті мәселелері ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің ҚХР елшісі Чжан Сяомен кездесуінде талқыланды.

Маңызды тақырыптар арасында тараптар Қазақстан азаматтарының ҚХР-да тұратын туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесу туралы өтініштерін талқылады.

"Елші Чжан Сяо өтініш білдіргендердің туыстары ҚХР азаматтары екенін және ел заңнамасын бұзуына орай жазаларын өтеп жатқанын хабарлады", - делінген СІМ хабарламасында.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес консулдық қызметтер желісі бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Тағы оқи отырыңыз: Қытай лагерлеріндегі қазақтардың мәселесіне Сыртқы істер министрлігі араласа алмайтынын айтты

Бұған дейін Қытай лагерьлеріне қамалғандардың туыстары Қытай елшілігінің алдына пикетке шығып, жақындарына еркіндік беруді тағы талап етті. Осымен 17 рет елшілік ғимаратының алдына талаптарын айта келген. 

Дегенмен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де, қандастарды қолдаумен тікелей айналысатын "Отандастар" қорының мүшелері де "Қытайдың ішкі саяси мәселесіне араласа алмайтындарын" мәлімдеді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары